Құрметті әріптестер! Өрлеу Алматы облысы бойынша Кәсіби даму институтының Республикалық ақпараттық-танымдық «Құзыретті педагог» журналын (№2 (34) 2023 ж.) төмендегі сілтеме бойынша жүктеп алуға болады:
Журналда мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша тренерлеріміздің, аға оқытушыларымыздың, ғалымдарымыздың, мұғалімдер мен курс тыңдаушыларының мақалалары, оқу-ағарту саласына өшпес мұра қалдырған тағылымы терең тұлғаларымыздың еңбек жолынан сыр шертетін материалдар және Институтта ұйымдастырылған іс-шаралар туралы ақпараттар жарияланған.
Журнал редакциясы әрдайым инновациялық ізденістерге қолдау көрсетіп, педагогикалық идеялар мен тиімді тәжірибелерді таратуға атсалысады.