Бастауыш сынып оқушыларын жобалық іс-әрекет арқылы тәрбиелеу – ғылыми, практикалық және жаһандық дағдыларды дамытудың кепілі

🔸 2024 жылдың 14 ақпанында Нұрорда мектеп-лицейінде «Бастауыш сынып оқушыларын жобалық іс-әрекет арқылы тәрбиелеу – ғылыми, практикалық және жаһандық дағдыларды дамытудың кепілі» тақырыбында республикалық семинар өтті.

🔸 Семинарға 50 бастауыш сынып мұғалімі қатысты

🔸 Қатысушылар бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дағдыларын дамытудың заманауи нысандары мен әдістерін қолдану және енгізу бойынша тәжірибе алмасты, жобалық іс-әрекеттер арқылы оқушылардың бойында құндылық қасиеттерді дамытудың жаңа педагогикалық идеяларын көрсетті.

🏅 Шара соңында барлық мұғалімдерге сертификаттар табыс етілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар