2024 жылғы 25 наурызда халықаралық білім беру жобасының шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізу үшін құрамы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша КДИ қызметкерлері, Шығыс Қазақстанның білім беру ұйымдарының басшылары, қалалық және ауылдық мектептерінің педагогтарынан құралған Шығыс Қазақстан облысының делегациясы НМУ-ге (Новосібір қаласына) келді.
Қазақстандық қатысушылар өз жұмысын Новосібір қаласындағы «№112 орта мектеп» МББМ-ге барудан бастады, онда «Педагогтың үздіксіз кәсіби дамуының кезеңдері: мектеп- ЖОО- Біліктілікті арттыру институты» атты халықаралық білім беру жобасының шеңберінде «Инженерлік білім беру пропедевтикасы» тақырыбында семинар өтті. Делегация «Мектеп оқушыларының мамандандырылған инженерлік-техникалық даярлығын қалыптастыруға бағытталған интеграциялық білім беру кеңістігін құру» және «Бастауыш сыныптардағы инженерлік пропедевтика» атты мастер-класстарға қатысты. Бастауыш сыныптардың «Робототехника негіздері» және «Құрастыру» сабақтарына қатысты.
Мектеп ұжымы қонақтарды осы білім беру мекемесінде жүргізіліп жатқан «қытай тілін үйрену» бірегей курсымен таныстырды. Бастауыш сыныптарға инженерлік білім беру бойынша пікір алмасулар жүргізілді.





