“Оқу мақсаттарын іске асыруда құндылықтардың алатын орны” атты облыстық форум өтті

Бүгін Павлодар қаласының №7 мектебінің базасында “Өрлеу”-Павлодар филиалының педагогика және пәндік әдістемелер кафедрасының ұйымдастырумен «Оқу мақсаттарын іске асыруда құндылықтардың алатын орны» атты қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық форум өтті. Оған облысымыздың түкпір-түкпірінен 90-ға жуық тіл жанашыры қатысты. Іс-шараның модераторы педагогика ғылымдарының магистрі Өміргүл Ертісхан болды.

Педагогика ғылымының докторы, профессор, академик Еңлік Жұматаева, филология ғылымының кандидаты, профессор Ырысгүл Шақаман, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Үштұғырлы тіл кафедрасының меңгерушісі Айман Зейнулина, филология ғылымының кандидаты, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Майгүл Оразханова, Қызылжар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Әсемгүл Ерғалиқызы, Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы Динара Кажибаева сынды атаулы ұстаздар іс-шараның қонағы атанды.

Форум Өрлеу-Павлодар директоры Роза Ашимбетованың алғы сөзінен басталды. Аталмыш іс-шараның маңыздылығымен қатар, бүгінде өскелең ұрпақтың тілді үйрену үшін үлкен ынта қажет деп, өзін үлгі ретінде келтірді. Пленарлық бөлімде жоғарыда аталған қонақтар «Өзекті сұрақ, ұтымды жауап» спикерлер алаңына қатысып, «Әдебиеттегі ұлттық құндылық дегенді қалай түсінесіз, Оқу мақсаты мен құндылық арасында қандай байланыс болуы мүмкін» сияқты бірқатар сауалдарға жауап берді.

Ұстаздар «Тіл-ұлттық құндылықтың бірегейі» және «Ұлттық құндылықты дәріптейік!» атты екі тақырыптық алаңға бөлініп, шеберлік-сағаттар ұйымдастырды. Тәжірибе алмасқан мұғалімдер өз сабақтарында оқушылар бойында ұлттық құндылықтарды дәріптеудің, насихаттаудың жолдарымен бөлісті.


Форум соңында белсенділік танытқан мұғалімдерге сертификаттар мен куәліктер тапсырылды. Іс-шара қатысушылардың көңілдерінен шығып, бұндай форумды дәстүрлі шараға айналдыру керектігі жайында лебіздерін білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар