Баспасөз хатшыларына арналған семинар-тренинг

Билік пен халықтың арасындағы көпірге айналған мамандықтың бірі – мемлекеттік ұйымның баспасөз хатшысы я болмаса PR маманы. Ұйымдастырылып жатқан қандай да іс-шара, оқиға болмасын, оның көпшілікке айқындалған түрінде тарауына, дұрыс жеткізілуіне, жалған мәліметтердің тарап кетпеуін қамтамасыз етуіне жауапты да сол мамандықтың иесі болмақ. Оған қоса, ұйымның имиджі, оның қоғамдағы оң әсерлі ізі де сол қызметкерлердің жұмысына тікелей байланысты.


Осыған орай биылғы жылдың 20-21 маусым күндері аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен білім беру басқармалары, ведомствалық бағынысты ұйымдардың баспасөз хатшыларына арналған «Баспасөзбен өзара әрекеттесу: дағдарысты басқарудан брендті нығайтуға дейін» тақырыбында семинар-тренингісі өтті.
Оған республикамыздың түпкір-түпкірінен 50-ден астам баспасөз қызметкерімен қатар «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының PR мамандары да қатысты. Екі күн ішінде қатысушылардың алдында Назгүл Қожабек, Бекзат Жүсіпов, Медетжан Ізғұтты, Әсел Ошан, Дина Ораз сияқты тәжірибелі спикерлер өз білімімен бөлісті.
Бұндай іс-шараға көптен қатыспаған мамандар семинар барысында тренерлер берген білімі мен ақпаратын құмарлана қабылдады. Бұндай іс-шаралардың ақпарат майданында жүрген қызметкерлер үшін олардың да біліктілігін арттырып, өз білгені мен танығанының шегінен шығып, сондай-ақ әріптестерінің жұмыс барысында қолданатын әдістерін алмасуында маңызы зор екені сөзсіз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар