Педагогтерді курстан кейінгі қолдау

Ақпан айының 12-14 күндері Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтының Педагогикалық және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушылары педагогтерді курстан кейінгі қолдау мақсатында Шыңғырлау ауданына барып қайтты. Аға оқытушылар Бағдагүл Габбасова мен Алина Абишева БҚО Шыңғырлау ауданындағы Лұқпан Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп және Ащысай мектебінде болып, ұстаздардың сабақтарына қатысты.

    «Өрлеу» тренерлері бастауыш сынып мұғалімдеріне «Заманауи сабақ – тиімді және сапалы білімнің негізі» және «Нақты өзгеріс: оқу сапасын жақсарту үшін іс-әрекетті зерттеуді/AR/ қалай пайдалануға болады?» тақырыптарында оқыту семинарларын ұйымдастырып, туындаған мәселелерді талқылады.

      Осы орайда Оралдағы «Өрлеу» филиалы атынан Шыңғырлау аудандық білім бөліміне алғысымызды айтамыз.

Педагогтің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге бағытталған курстан кейінгі сүйемелдеу шаралары жыл соңына дейін жалғасады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар