Бүгін Білім берудің оқу әдістемелік орталығы “Оқытудағы олқылықты жою- оқу сапасын арттыру” тақырыбында вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты мұғалім жұмысындағы маңызды құрамдас бөліктердің бірі болып табылатын оқушылардың біліміндегі олқылықтардың алдын алу, оқу үлгеріміндегі кемшіліктер мен әлсіз тұстарын жоюдың түрлі әдістерін қолданып жүрген педагогтермен іс-тәжірибе алмасу.
Вебинарда Өрлеу-Маңғыстау филиалының аға оқушысы Болатбек Тәжібаев “Оқушы біліміндегі олқылықтарды толтыру жұмыстарын ұйымдастырудағы web-сервистік технологиялар” тақырыбында, Рысгүл Нұрова “Білімдегі олқылықтарды жою және олардың орнын толтыру мәселесі бойынша педагогтерді әдістемелік қолдау” тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті.

- 24 Янв
- 2024