Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүруде

      4 наурыз күні Оралдағы “Өрлеу” Кәсіби даму институтының мәжіліс залында Аттестация ережелеріндегі өзгерістерді түсіндіру мақсатында  Батыс Қазақстан облысы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі, Орал “Өрлеу” филиалының директоры Софья Измуханбетова арнайы отырыс өткізді.

     Жиынға   облыстық білім беру басқармасының, қалалық білім беру бөлімінің  қызметкерлері қатысты.

      Аттестация ережелеріндегі өзгерістер туралы қалалық, аудандық білім бөлімі басшылары, орынбасарлары, аудандық білім бөлімдеріне қарасты орта білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі білім беру, қосымша және арнаулы білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары толықтай  ақпараттандырылды.

   Ақпараттық түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасады. Жиынға 200-ден астам педагог қатысты. Жиын барысында аттестациядағы өзгерістерге қатысты қойылған   сұрақтардың бәріне толық  жауап берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар