Әріптесіміз Qazaq Radiosy-на сұхбат берді

2023 жылдың 2 қарашасында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Ғалым Іркітбай «Педагогтардың кәсіби құзырлығын жетілдіру – заман талабы» тақырыбында Qazaq Radiosy-ның «Құтты білік» айдарына өз сұхбатын берді.

Сұхбатта кәсіби педагогикалық қызметінің мазмұны мен сапасына бірыңғай талаптарды белгілеу, педагогтердің біліктілік деңгейін бағалау, аттестаттауды жүргізу, лауазымдық нұсқаулықтарды қалыптастыру, біліктілікті сертификаттау және растау, кадрлар даярлау мақсатында ой талқыланды.

Сондай-ақ, тақырып педагогті даярлаудың, біліктілігін арттырудың және үздіксіз кәсіптік оқыту мүмкіндіктерінде білім беру бағдарламаларының негізін, қызметтің басқа салаларындағы мамандарды қайта даярлаудағы басымдықтарды айқындайды. Сұхбатта педагогті оқыту және білім беру, тәрбиелеу тәжірибесін, қоғамның сенімі мен құрметін, педагогтің кәсіби адалдығын қолдауға, кәсіби қоғамдастықта білім беру, оқыту және тәрбиелеуде педагогтің көшбасшылығын дамытуға ықпалы туралы сөз қозғалды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар