Бүгін 11 наурыз күні Оралдағы «Өрлеу» филиалында аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттарының жобасын талқылау бойынша кезекті кездесу ұйымдастырылды. Түсіндіру жұмыстарын облыс бойынша құрылған мобильді топ өткізді.
Іс-шараға облыстық, қалалық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесінің педагогтері, Орал қаласындағы аутизм орталығы мен балалар ауылының педагогтері онлайн форматта қатысты.
Шара барысында өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

