Шебер ұстаз – табысты оқушы. Білім беру саласындағы маңызды өзгеріс – педагогтерді аттестаттаудың жаңа Ережесін жүзеге асырудың мүмкіндіктері кеңінен талқылануда.
Осыған орай Оралдағы «Өрлеу» филиалында 29 ақпан мен 6 наурыз күндері Аттестаттау қағидаларына енген өзгерістерді түсіндіру мақсатында онлайн және офлайн форматында 12 кездесу ұйымдастырылды.
Бүгін 6 наурыз күні Сырым, Ақжайық, Жәнібек, Жаңақала, Қаратөбе аудандарының және облыстық, қалалық ЖОББМ-тің педагогтеріне арналған отырыс өтті.
Отырысты Батыс Қазақстан облысы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі, Орал “Өрлеу” филиалының директоры Софья Измуханбетова жүргізіп, ережедегі бірқатар жаңашылдықтармен таныстырды.
Атап айтсақ:
Педагог уақытша еңбекке жарамсыз болса, декреттік демалысқа шықса немеесе білім беру ұйымынан мемлекеттік органдарға немесе әдістемелік кабинетке ауысса, онда оның біліктілік санатының қолдану мерзімі 2 жылға дейін (бұрын 1 жыл) ұзартылады;
Педагог портфолиясы электрондық форматта ұсынылады;
Жасы зейнеткерлікке төрт жылдан аз қалған педагогтер аттестаттау рәсімінен босатылады.
Тағайындалған біліктілік санаты оның берген өтініші негізінде зейнеткерлік жасқа толғанға дейін сақталады.
Біліктілік санатын растау кезінде «Педагог-шебер» немесе 30 және одн да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері ПББ тапсырудан босатылады, қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтаудан өтеді;
Осы және басқа да басты қағидалар түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға толықтай ақпарат берілді.

