2024 жылы 26.03-05.04 аралығында «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» тақырыбында білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтеріне арналған біліктілігін арттыру курсы Түркістан қаласы Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беретін мектебінің базасында ұйымдастырылды.Курс барысында білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асырудың ерекшеліктерін анықтап, құндылық- бағдарлы және пәнаралық тәсілдерді ескере отырып өзінің іс-әрекетінің шараларын моделдеу мақсатында семинар сабақ өткізілді. Сабақта мұғалімдер тәрбие құндылықтарын «Эйлер Венн» диаграммасы арқылы талдап, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеудiң бiрыңғай бағдарламасын iске асыру тетiгiн зерделеді. Нәтижесінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде,ар-ұят, талап сияқты құндылықтарды дарытуда оқыту мен тәрбиенің интеграциялануы қажет екенін түсінді. Сонымен қоса бастауыш сынып оқушыларының бойында тәрбие құндылықтарын қалыптастыруға байланысты іс-шараларды әдістемелік құзыреттіліктерін көрсете отырып моделдеді.

- 01 Апр
- 2024