2024 жылдың 08.04-18.04.2024ж. аралығында ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиалының “Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму” кафедрасының аға оқытушысы Азамат Эльмира Талғатқызының жетекшілігімен «Мектепке дейінгі ұйымдағы пәндік-кеңістіктік дамыту ортасын ұйымдастыру» тақырыбындағы қазақ және орыс тілдерінде арналған мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің біліктілігін арттыру курсы өтілуде. Тыңдаушылар бағдарламаның мазмұнына сай нормативтік құқықтық актілермен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен қағидаттарымен танысуда. Сонымен қатар мектепке дейінгі топ/ұйым үшін заттық-кеңістіктік дамыту ортасын құрудың заманауи тұжырымдамалары мен принциптері туралы жүйелі идеяларды қалыптастыруда. мектепке дейінгі топтың/ұйымның заттық-кеңістіктік дамыту ортасының сапасын бағалау үшін ECERS шкалаларын пайдалана отырып, диагностикалық құралдарды пайдалану дағдыларын жетілдіруде. Мектепке дейінгі топтың/ұйымның заттық-кеңістіктік дамыту ортасының құрамдас бөліктерін ұйымдастыру құзыреттілігін дамыту мақсаттарын меңгеруде.

- 09 Апр
- 2024