Түркістан облысы Келес ауданы №5 жалпы білім беретін мектеп базасында 26.03-05.04.2024ж орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін ”Формирование читательской грамотности на уроках русского языка и литературы” (Я2) тақырыбында біліктілікті арттыру курс жұмысы ұйымдастырылды. Курс барысында “Өрлеу” БАҰО” АҚ “ “Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты”филиалының аға оқытушысы Абдирахманова Индира Сабитовна теориялық білім мен практикалық жаттығуларды қолданып,курс тыңдаушыларының барлық сұрақтарына кері байланыс жасады. Сонымен қатар курс тыңдаушысы, №56 Т.Белгібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Кадирбаева Гаухар Сейтжапбаровна қатысушы педагогтермен “ Пути развития , направленные на функциональную грамотность” тақырыбында коучинг өткізді.Іс-шара барысында Кадирбаева Г.Ж.оқу сауаттылығы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мәтінмен жұмыс кезінде оқылым алдында, оқылым кезінде, оқылымнан кейін тапсырмалар құрылымдарын көрсетті. Практика жүзінде ZipGrade әдісі арқылы мәтінмен жұмыс ұйымдастырды. Келесі тыңдаушы №58 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Темирханова Салтанат Мухтаровна “Интерактивные методы и приемы обучения на уроках русского языка и литературы”тақырыбында практикалық сабақ ретінде заманауи интербелсенді қосымшаларды сабақ барысында тиімді пайдалану жолдарын көрсетті. ZipGrade, Plickers,DID, ChatGpt, QR код жасау, Savefrom тсс әдіс -тәсілдерді қолданып , тыңдаушылар тапсырмалар орындады. Курс тыңдаушылары қазіргі білім беру жағдайда интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі жайлы ой қозғады. Тренер И.С.Абдирахманова ұстаздармен қаралған мәселені талқылап, іс-шараны қорытындылады.

- 03 Апр
- 2024