«Болашақ педагог – заманауи көшбасшы» тақырыбында тренинг өтті

     Оралдағы «Өрлеу» филиалы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетімен бірлесіп, эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназия  базасында «Педагогикалық көшбасшылық» жоба бағытында  «Болашақ педагог – заманауи көшбасшы» тақырыбында тренинг өткізді.   Тренингті Орал «Өрлеудің» педагогикалық және пәндік әдістер кафедрасының тренерлері Динара Жумағалиева мен Бағдагүл Габбасова ұйымдастырды.

     Тренинг педагогикалық саланы таңдаған оқушылармен жағымды қарым-қатынас орнатып, көшбасшылық қасиеттерді дамыту қажеттілігін түсінуге қолдау көрсету мақсатында өтті.

   Шара «Көшбасшы деген кім?» деген миға шабуыл әдісімен басталды. Мұнда оқушылар «Ой қозғау», «Көшбасшының жағымды қасиеттері», «Көшбасшылықтың 6 қасиеті» (Норкет Паркинсонның) әдіс-тәсілдері және «Мен және біз. Мен кіммін?», «Рефрейминг», «Дыбыстық гимнастика», «Мүсін» жаттығуларын жарыса орындады. Оқушылар ұйымдастырылған шарада бекітілген уақыт ішінде тапқырлық, сөйлеу шеберлігі, логика, шешендік қабілеттерін дамытатын тапсырмалармен қатар, өзге командалармен бірлесіп коммуникабелдік қабілеттерін көрсететіндей ойынды да нәтижелі орындады.

  Тренинг барысында тренерлер оқушыларға көшбасшы анықтамасы туралы, оның негізгі қызметі, көшбасшы бойындағы қасиеттері туралы кеңінен тоқталып, толық ақпарат берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар