Өрлеу Алматы қаласы бойынша филиалында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту: өзгерістер мен басым бағыттар» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингтің мақсаты мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда заманауи өзгерістер мен басым бағыттары арқылы педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Іс-шараға филиалдың оқытушылары, мектепке дейінгі ұйым басшылары, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері, әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.
Брифинг жұмысы келесі бағыттар бойынша өтті:
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы заманауи өзгерістер мен басым бағыттары арқылы педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту;
- Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи білімдік технологиялар;
- Мектепке дейінгі ұйым мен отбасында мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы этномәдени құндылықтарды қалыптастыру .
Брифинг аясында «Балабақшада этномәдени құндылықтарды насихаттайық!» атты ұлттық құндылықтарды насихаттайтын көрме бұрышы ұйымдастырылады.












