2024 жылдың 04 сәуір күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты білім беру ұйымдарының директорларының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары мен әдістемелік кабинеттердің әдіскерлеріне ұйымдастырған «Әдістемелік қызметті трансформациялау» қысқамерзімді біліктілікті арттыру курсы аясында «Мұғалімдердің шығармашылық топтарының ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру.
Авторлық бағдарламаларды әзірлеу» және «Жас педагогтер мен тәлімгерлерді әдістемелік сүйемелдеу» тақырыптарында Орал қаласының № 42 «Ақ ниет» гимназиясының директоры Азима Губашева бастаған командасы тақырып аясында гимназияның әдістемелік жұмысымен таныстырды.
Жұмыс барысында «Командалық жұмысты қалай тиімді ұйымдастыруға болады?», «Оқушылардың ізденіс жұмысын ұйымдастыру», «Мұғалімнің ізденісі» тақырыптар ашылды. Семинар пікір алмасу және ұсыныстар түрінде қорытындылаумен аяқталды.
Барлық семинар қатысушылары семинар жұмысын, ұйымдастырылуын және іс-шараның жалпы атмосферасын жоғарғы деңгейде бағалады.



