Бүгін Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай мерекелік шара өтті.
Іс-шараға Институттың қызметкерлері, біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатқан педагогтар мен Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылының №45 мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Мерекелік шараны алғы сөзбен Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Нұрлыбаев Қайсар ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, республикалық тамыз конференциясы аясында педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуына байланысты өзгерістер мен жаңалықтары туралы баяндады.
Іс-шара соңында отаншылдық тақырыбындағы патриоттық әндер шырқалып, алғыс хаттар марапатталды.







