Ү.ж. 12 сәуір күні «Мұражай педагогикасы» жобасының кураторы, PhD философия докторы Э.Мирзалиеваның жетекшілігімен Д.Қонаев орталығында Тараз қаласындағы №39 И.Панфилов атындағы мектеп-гимназияның 6 «А», 6 «Ә» сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Ер есімі-ел есінде: Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев» тақырыбында және 7 «Б» сынып оқушылары үшін орыс тілі мен әдебиеті пәнінен «Б.Момышұлы- великий сын казахского народа» тақырыбында Б.Момышұлы атындағы орталықта мұражай сабақтары жүргізілді.
Мұражай сабақтары барысында оқушыларға халқымыздың даңқты ұлдары Б.Момышұлы мен Д.Қонаевтың өмірі мен шығармашылығы, мол рухани мұралары, еңбек жолдарының басты белестері туралы қысқаша экскурсия ұйымдастырылып, мұражай экспонаттары таныстырылды.
Сабақ соңында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Д.Мадихан мен П.Байкеева оқушыларға Д.Қонаевтың өмірбаяны бойынша эссе жазу және Ерғали Сағаттың «Қасиетті Қонаев» атты кітабын оқуды тапсырды. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Сертекова Б.Момышұлы өмірбаянын негізге ала отырып, эссе жазу және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын оқуды тапсырды.
Пилоттық жоба аясында оқу процесінде жыл бойы өтіп жатқан мұражай сабақтары оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін ашуда көмегі мол.