Тәжірибе алмасу – жемісті нәтиже

Талас ауданының мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курсы жалғасуда. Курс аясында  тыңдаушылар ECERS-R шкаласының көмегімен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында  топтардың заттық-дамытушы аймақтарына бағалау жүргізуді меңгеруде.

Курс тыңдаушылары «Астана» бөбекжай-бақшасында болып, ондағы  «Қарлығаш», «Қошақан», «Балапан», «Гүлдер», «Ақ желкен» топтарының заттық-кеңістіктік даму ортасының мектеп жасына дейінгі балалар үшін жұмысын бақылады. Курс тыңдаушылары шағын топтарға бөлініп, жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бақылау жүргізді. SPARK, CLASS, EDI, ECERS-3 және ECERS-R халықаралық диагностикалау құралдарының ерекшеліктерімен танысып, көшпелі-тәжірибелік сабақтар аясында сынақтан өткізуде.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістіктік даму ортасының сапасын бағалауға арналған цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерімен танысуда. Тәжірибелі қызметкерлер әріптестерімен тәжірибе алмасып, ортақ мәселелерді талқылауда.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар