Мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейі – сапалы білім кепілі

2024 жылдың 5 қаңтарында Алматы облысы Талғар ауданы №42 орта мектебінде Талғар аудандық  оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастырумен және Өрлеу Алматы  облысы  бойынша Кәсіби  даму  институтының тренерлері Дариға Қартбаева, Фатима Каракушекова, Айгүл Байузакованың қатысуымен «Каникулдық  мектеп» жобасы  аясында «Мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейі – сапалы білім кепілі» тақырыбында  аудандық пәндік іс-тәжірибе бөлісу алаңы жұмысы өтті.

Сапалы білім беруде жаңа заманауи технологияларымен, оқытудың озық әдіс-тәсілдерімен қамтылған аудан мектептері мұғалімдерімен өзара іс-тәжірибе алмасу және курстан кейінгі әдістемелік  қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға 218 пән мұғалімдері қатысты.

Іс-шараны аудандық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Г.Алтыбаева ашты. Аға  әдіскер мұғалімдерді «Каникулдағы мектеп» жоба аясындағы жұмыстың мақсат, міндеттерімен  таныстырды.

Секцияның жұмыстары келесі  пәндер  бойынша  жалғасты: қазақ  тілі  мен  әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, математика, физика, информатика, химия, биология, география және бастауыш сынып.

Әр пән бойынша секцияларға топтасқан мұғалімдер, тренерлер мен аудан  әдіскерлерінің қолдауымен іс-тәжірибелерін ортаға салды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар