Павлодар өңірінің педагогтері Петропавл қаласында өткен тамыз кеңесіне қатысты

Биылғы жылы тамыз кеңесі жаңа форматта, еліміздің 20 аймағында бір уақытта басталды. Әр облыс белгілі тақырыпты талқылады. Тамыздың 24-25 күндері Республикалық “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Солтүстік пен Батыс Қазақстан облыстарының білім беру басқамаларымен бірлесіп Петропавл және Орал қалаларында Республикалық тамыз кеңесін ұйымдастырды. Еліміздің әр түпкірінен жиналған мықты педагогтер шеберлік сағаттар, тренингтер мен пікірталас барысында өз тәжірибелерімен бөлісті. Алаңда Өрлеу, СҚО Білім басқармасы және Ақтөбе облысы Қобда ауданының білім бөлімі, Kozybaev University және Narva College of the University of Tartu, «StudyInn» білім беру холдингісінің өкілдері сөз сөйледі.

Атаулы ұстаздар қатарында Павлодар өңірінің білікті мұғалімдері де болды. Конференцияның бірінші күні Петропавл қаласында жиналған мектепке дейінгі білім беру бағытының мамандары үшін жерлестеріміз №33 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Алтын Мұхтарова, Өрлеу-Павлодар филиалының директоры Роза Ашимбетова шеберлік сағаттарын өткізді.

Тамыз кеңесі секциясының қорытынды пленарлық сессиясы Астанадан тікелей эфирге шыққан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен ҚР премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың алғы сөзінен басталды. Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрлігі мен республиканың білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылындағы міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталды. Тамара Дүйсенова оқу жылының 36 аптаға дейін ұзаруы 2025 жылдан кейін жоспарлануда екенін өтті.

Телекөпірден соң жеке сараптамалық баяндамалар жасалды. Баяндамашылар қатарында Павлодар облысы білім беру басқармасының Аққулы ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Салтанат Оразалинова да болды.
ортаға салынған тақырыптардың мазмұны мен отырыстың атмосферасы тамыз кеңесінің «Әділеті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты тақырыбымен толық үндесті. Себебі негізгі аспектілер қозғалып, проблемалық мәселелерді шешу жолдары белгіленді. Соңғы екі күн барысындағы пікірталастар негізінде қазақстандық білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру үшін ұсынымдар әзірленетін болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар