Пәнаралық байланыс білім беру сапасының негізі

Әр педагог үшін өз білімін шыңдау, дамыту басты мақсат болып табылады. Қазіргі кезде педагогтар дарынды, талантты, шығармашыл, білім мен өнерге құштар, ізденші, зерттеуші, жаңашыл болуы керек.

Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының тренерлері Дариға Қартбаева және Фатима Қаракушекова І. Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімдеріне арналған «Пән аралық байланыс білім беру сапасының негізі» тақырыбында курсаралық әдістемелік қолдау көрсету бойынша семинар өткізді.

Тренерлер STEM – жаратылыстану, технология, инженерия және математика оқу пәндерін біріктіру үшін қолданылатын кең термин екендігін түсіндірумен қатар STEM арқылы  білім беру маңыздылығы туралы тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибе алмасуға химия, биология, математика, ағылшын тілі, информатика пәні мұғалімдері қатысты.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Махмутова Гүлжаухар өз ойындағы «STEM технологиясын ағылшын тілі пәнінде қалай қолдану керек?» деген сұрағын қойып, нақты жауабын алды.

Сонымен қатар STEM, STEAM, STRЕM технологиясының қайсысын қайда қоланатындығы туралы терең мағлұмат берілді. STEM оқушылардың негізгі дағдыларды яғни, шығармашылық, сыни талдау, топтық жұмыс, тәуелсіз ойлау, байланыс цифрлық сауаттылықтарын дамытады. Терең мағлұмат алған педагогтар өздерінің сұрақтарына жауап ала отырып, кері байланыс беріп, сабаққа белсене қатысты. STEM технологиясының маңыздылығымен жеке танысқан мұғалімдер Өрлеу тренерлеріне өз алғысын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар