Биология сабағында жоба жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері

Алматы облысы, Талғар ауданы, №42 орта мектепте Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Дариға Қартбаеваның ұйымдастыруымен биология пәні мұғалімдеріне арналған «Биология сабағында жоба жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарда тренер оқытудағы жоба жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін жоспарлауда өзекті мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасу, тәжірибедегі проблемалардың шешу жолдарын табуға әдістемелік қолдау көрсетті. Сабақта жобалау жұмыстарын жоспарлауда білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамыту, құндылықтарға назар аудару және жас ерекшеліктерін ескеру  қажеттілігі бойынша қатысушылар өз тәжірибелерінен мысалдар келтірді.

Іс-шараға Еңбекшіқазақ, Іле, Балхаш, Қарасай, Ұйғыр, Талғар және Райымбек аудандары мен Қонаев қаласы мектептерінің биология пәні мұғалімдері қатысты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар