«Мұражай педагогикасы» әдістемесін жүзеге асырудың тиімділігін трансляциялау, мұражайдағы сабақты жоспарлау тәжірибесімен алмасу мақсатында ү.ж. 19 сәуірінде «Мұражай педагогикасы – белсенді оқудың инновациялық технологиялардың бірі» атты облыстық семинар өтті.
Семинарға білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, мұражай қызметкерлері, кітапхана қызметкерлері, әдіскерлер мен мұғалімдер қатысты.
Эльмира Мирзалиеваның жетекшілігімен облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері мен Тараз қаласындағы И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының ұстаздарының бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижелері таныстырылды.
Облыстық семинар аясында жылжымалы мұражай сабақтары мен әдістері көрсетілді, білімді функционалды қолдану, сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық сияқты дағдыларды дамытуға оқу үдерісін мән-мағынамен және құндылықтармен толтыруға ықпал негіз болатын мұражай сабақтары кезеңдерінің нәтижелері көрсетілді. Оқушылар, ата-аналар, пән мұғалімдері және мұражай қызметкерлерінің кері байланысы оқуға, шығармашылық қабілеттерін ашуға қызығушылық танытты.
Семинар соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтып, ұсынылған инновациялық әдістемеге ризашылықтарын білдірді.
