Бүгін Өрлеу Алматы облысы бойынша филиалының директоры Қайсар Нұрлыбаев және Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің директоры Мейірлан Мейірбекпен іскерлік кездесу өткізді. Кездесуге Өрлеу Алматы облысы бойынша филиалы директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Хуршидам Масимова, Республикалық физика-математика мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлнұр Аубакирова және оқу ісі жөніндегі орынбасары Бейбарыс Тоқтасбаев қатысты.
Кездесу барысында тараптар іскерлік қатынастарды орнату және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында тараптар бірлескен конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастыруда, білім беру жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға, сонымен қатар, өзара қызығушылық тудыратын іс-шараларды жоспар бойынша ұйымдастыру мен өткізуге келісті.







