Курсқа қалай жазылуға болады?

Құрметті әріптестер, Сіздерден «Өрлеудегі курстарға қалай жазылуға болады?» деген жиі келіп түсетін сұраққа жауап бергіміз келеді.

💬 Курстарға жазылу үшін Сіз жұмыс істейтін мектеп директорына бұл туралы хабарлауыңыз керек.
🔹 Сіздің мектебіңіздің директоры сізді қамтитын пәндік курстардан өтуге ниет білдірушілердің тізімін жасайды.
🔹 Содан кейін директор бұл тізімді білім беру бөліміне жібереді.
Білім беру бөлімі әр мектептен осындай тізімді алып, Өрлеу филиалдарының бекітілген жоспарлары бойынша жалпы тізімді дайындайды.
🔹 Бұл жалпы тізім Білім басқармасына жолданады.
🔹 Білім басқармасы Сіздің облысыңыз немесе қалаңыз бойынша Өрлеу филиалына жалпы тізімі бар хат жолдайды.
🔹 Филиал алынған тізімді бекітіп, Білім беру басқармасына жібереді.
🔹 Білім басқармасы курс тыңдаушыларының тізімін бекіту туралы бұйрық шығарып, оны білім беру бөліміне жолдайды.
🔹 Білім беру бөлімі бұйрықты Сіздің мектеп әкімшілігіне жібереді.

☝️ Біліктілікті арттыру курстарында оқыту бойынша барлық іс-әрекеттер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген.

Біздің жауабымыз пайдалы болды деп үміттенеміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар