Тәрбие жұмысы заманауи үздіксіз білім беру моделі ретінде

2024 жылғы 24 Қаңтарда № 20 мектеп-лицей базасында “Тәрбие жұмысы заманауи үздіксіз білім беру моделі ретінде” тақырыбында облыстық семинар – практикум ұйымдастырылды. Семинар-практикум мектептің ата-аналары мен педагогтарын біріктірді.
Семинар хордың ерекше орындауымен есте қалды, балалар мектептің әнұранын үш тілде орындады.
Семинар “Болашақ тұлғаның басқатырғышы” атты тренинг-рефлексиясымен аяқталды. Мектеп мұғалімдері жұмыстың әртүрлі формалары мен әдістерін қолдана отырып, ата-аналарды практикалық қызметке тарта алды. Семинар жұмысына Ақтөбе облысы бойынша “Өрлеу” Кәсіби даму институтының мамандары қатысты . Институтпен бірлесіп практикалық семинарларды ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспарға сәйкес жалғастырылатын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар