Педагогтерге курстан кейінгі қолдау көрсету іс-шарасы өткізілді

12.04.2024 ж. Түркістан қаласына қарасты №15 мектеп гимназиясында педагогтерге курстан кейінгі қолдау көрсету және жеке тәжірибелерін тарату мақсатында облыстық семинар өтті. Педагогтердің біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, педагогтердің қызметіне курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында өткен семинарға қоғамдық-гуманитарлық пән мұғалімдері қатысты. Семинар барысында оқыту пәндері бойынша мұғалімдер секцияларға бөлініп, шебер-сыныптарда өзара тәжірибелерімен бөлісті. Аталған іс-шара мұғалімнің шығармашылық әлеуеті мен кәсіби тәжірибесінің дамуына мүмкіндік жасалды. Мұғалімдерге курстан кейінгі кезеңде сүйемелдеу көрсету мен тәжірибе дамыту мен өз әлеуетін әтолық жүзеге асыруға оң ықпалын тигізді. Атап айтқанда, Түркістан қаласы Е.Иззатуллаев атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Утешова Лаззат Маткеновнаның «Сабақта кері байланыс берудің маңызы» тақырыбында шеберлік сағаты мазмұнды өткіздііп, өз тәжірибесімен бөлісті. Педагогтер өзара тәжірибе алмасу арқылы оқытуда оқушылардың белсенділіктері мен оқу сауаттылықтарын арттыруға бағытталған тапсырмалар құрастырып, білім алушыларды тақырып аясында сыни ойлауға мүмкіндік беретін тәсілдерді талқылады. Аталған іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, өз ризашылықтарын жеткізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар