Өзекті тақырып: Білім беру ұйымдарында балаға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу

Бүгін «Ақтөбе-Өрлеу» базасында және №34 “Таңшолпан” балабақшасында бас қосқан облыс педагогтері, психологтар, әлеуметтік педагогтер, МДҰ әдіскерлері, логопед, дефектолог мамандар балалар мен жасөспірімдер арасында өзекті проблемаға айналған зорлық-зомбылықтың пайда болуы, зардаптары, өмірде көрініс табуы, оны болдырмау жолдары туралы жан-жақты талқылады.
Семинарлар спикерлері, қалалық әдістемелік кабинетінің бөлім меңгерушісі Г.Миндалина, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің педагог-психолог мамандары П.Сырлыбаева және Н. Жармуханбетова қатысушы педагогтерге зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша практикалық іс-әрекеттерге қажетті кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсынды. Сондай-ақ, №34 «Таңшолпан» және №19 «Бұлақ» балабақшасының педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарлар жұмысы барысында балаға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімді түрлері мен әдістері, психологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Педагогтер білім алушылардың ментальді денсаулығы үшін қауіпсіз білім беру ортасын құрудың тиімді әдіс-тәсілдерін талқыланып, тың идеяларымен бөлісті. Балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша өзара тәжірибе алмасты. Семинар спикерлеріне, барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар