5Е оқыту циклі негізінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту

2024 жылдың 26 сәуірінде Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында «Робототехника және STEM-білім беру» атты біліктілікті арттыру курсынан өтіп жатқан тыңдаушылар Алматы облысы Іле ауданы Қосөзен ауылындағы №14 орта мектебінде «5Е оқыту циклі негізінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбындағы көшпелі тәжірибелік сабаққа қатысты.

Іс-шарада мектеп директоры Қымбат Шымамбаевна алғы сөз сөйлеп, тәжірибелік сабаққа сәттілік тіледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзихат Құрманғазиевна STEM-білім беру бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп мұғалімдері іс-шараның жалғасы ретінде өздерінің ашық сабақтарын қатысушыларға көрсетті.

«STEAM қалай біздің білімді өзгертті…» тақырыбында физика пәні мұғалімі Күмісай Құралбаевна, бастауыш сынып мұғалімі Гүлмайра Капановна мен география пәні мұғалімі Назым Кадылбековна, 8 сыныпта «Жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару», химия пәні мұғалімі Косим Женгисович және математика пәні мұғалімі Айдана Ержанқызы 5-сыныпта «Процент», 10 сыныпта «Гендік модификацияланған организм» тақырыбында биология пәні мұғалімі Гүлбар Нұрахметовна,  ал биология пәні мұғалімі Гульнара Исикбаевна мен физика пәні мұғалімі Күмісай Құралбаевна 9 сыныпқа «Earthquake competition» өздерінің баяндамаларын оқыды.

Мектеп ұстаздар Назым Кумуржановна, Венера Камалқызы, Айнур Шалабаевна, Айдана Ержанқызы, Назым Кумуржановна, Нургуль Кошербаевна, Анар Манатовна курс тыңдаушыларымен тәжірибелік жұмыстарымен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар