«Өрлеу Шымкент» филиалының «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының аға оқытушысы Егенова Назгул Атаевнаның жетекшілігімен 2024 жылдың 22.04-03.05 аралығында «Жаһандық құзыреттіліктер» тақырыбындағы орта білім беру ұйымдарының педагогтерінің біліктілікті арттыру курсы Түркістан облысы, Түркістан қаласы, №19 Төлеби атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында өткізілді. Курс тыңдаушылармен «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығы туралы түсінік қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер халықтар арасындағы достықты сақтауға, елімізде мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне силастықпен, салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу жолдары қарастырылды.

- 30 Апр
- 2024