Стратегиялық менеджмент – табысты басқару жүйесінің негізі

Бүгін Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының жедел жоспарына сәйкес «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының аға оқытушысы Ғалым Іркітбайдың ұйымдастыруымен “Стратегиялық менеджмент – табысты басқару жүйесінің негізі” тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға Алматы облысы бойынша білім беру ұйымының басшылары мен орынбасарлары қатысты.

Семинарды Институт директоры Қайсар Нұрлыбаев алғы сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тілей отырып, білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар туралы ақпарат айтып өтті.

Іс-шарада стратегиялық менеджменттегі әдістерді тиімді жүргізу дағдылары бойынша басқару шеберлігін шыңдау мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, стратегиялық менеджменттегі әдістерін жүргізу шеберлігі бойынша озық тәжірибесі көрсетіліп, стратегиялық жоспарлауда басқару қызметін тиімді басқару моделін қолдану бойынша басшылардың өзара тәжірибе алмасуы ұйымдастырылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар