“Ұлттық тәрбие – ұлт құндылығы” тақырыбында Piblik Talk өтті

     30 сәуір күні Оралдағы «Өрлеу» институтында Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы және  Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері, ақын, журналист Ғайсағали Сейтақпен «Ұлттық тәрбие – ұлт құндылығы» тақырыбында Publik Talk өтті.

    Шараға курс тыңдаушылары мен институт қызметкерлері қатысты. Басқосуда ақынмен ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, отбасындағы  ұлттық тәрбие мен ұлттық құндылықтар туралы тақырыптар қозғалды.

       Тағылымға толы шарада Ғайсағали аға өзінің шығармалары жайлы сөз қозғап, тыңдармандарға біраз өлеңдерін оқып берді. Автордың ел егемендігіне, туған жердің та­би­ғатына, анасына арнаған өлеңдері осы жыр кешіне жиналған қауымның көңілін серпілтті.

     Сырлы сұқбатқа толы әсерлі кеште қатысушылар ақын өмірі мен шығармашылығы, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Кездесу соңында автор өлеңін жатқа оқыған курс тыңдаушысына «Жығылмас жалғыз туым бар» атты қолтаңбасы қойылған кітабын сыйға тартты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар