Бүгін «Өрлеу-СҚО» ұйымдастыруымен «Мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы: Z ұрпағын тәрбиелеу» тақырыбында Республикалық семинар өтті.
Іс-шараға білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, директорлардың тәрбие іс жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, тәлімгерлер, әлеуметтік педагогтер, психологтер, педагог-кәсіптік бағдар берушілер және ата-аналар мен қамқоршылық кеңес өкілдері қатысты. Барлық оффлайн және онлай қатысушыларды қоса алғанда, 430-дан астам қатысушы қамтылды.
Семинар қатысушыларына «Өрлеу» БАҰО» АҚ Үздіксіз дамуды қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Хабат Мәдениет құттықтау сөз сөйледі. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ басшысының орынбасары Татьяна Протопопова өз сөзінде іс-шараның қазіргі ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті.
Пленар спикерлері ретінде Анар Тәңірбергенова, Мырзабай Сейілбек, Жайнагүл Ибраева, Еркежан Бендерская, Алмагүл Ахметбекова, Алтынай Құлымбасова, Айгүл Мұратова шақырылды. Олар балалардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарын тәрбиелеуде әдіснамалық қолдаудың маңыздылығына назар аударды.
Цифрландыру дәуіріндегі қазіргі білім беру үшін бірыңғай білім беру бағдарламасының, сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктердің, әлеуметтік өзара іс-қимылдың табысты тәжірибелерінің және технологияларды білім беру процесіне интеграциялаудың негізгі мәселелері талқыланды. Қаржылық тәрбиеге және оқытудағы инновацияның маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Іс-шараның практикалық бөлігі Z буынының ерекшеліктерін көрсететін бағыттар бойынша тренингтерді қамтыды, онда қатысушылар Оқыту құралдары мен практикалық кейстермен бөлісті. Қорытындылай келе, қатысушылардың рефлексиясы одан әрі жұмыс жасау үшін нақты ұсыныстар мен идеяларды жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар ұсынылды.
Семинар қорытындысы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келген педагогтердің материалдарын қамтитын «Педагогикалық ізденіс» ақпараттық ғылыми-әдістемелік журналының арнайы нөмірі шығарылды. Журнал жалпыадамзаттық тәрбие мен білім берудегі инновацияларға ұмтылатын кез келген адам үшін құнды ресурс болады деп үміттенеміз.
Барлық қатысушылар мен спикерлерге белсенді қатысқаны және оқу-тәрбие үдерісін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, ынтымақтастық пен серіктестіктеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз!