Ағымдағы жылғы сәуір айының 24 күні Өрлеу Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтынды «Заманауи басшының жаhандық құзыреттілігі» тақырыбында республикалық (off-line және on-line) семинар өтті.
Семинардың мақсаты: жаhандану жағдайында заманауи басшының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту
Семинарда қарастырылған мәселелер:
– басшының көшбасшылық қабілеттерін және зерттеу дағдыларын жетілдіру;
– жергілікті, жаһандық проблемалар мен мәдениетаралық өзара іс-қимыл мәселелерін түсінуді дамыту;
– ақпаратты тану, талдау, бағалау және дәлелдерді тұжырымдау қабілетін қалыптастыру;
– жаһандық оқиғалар мен олардың себептері мен салдарлары туралы талдамалық бағалау түсінігін қалыптастыру;
– өзіндік мәдени бірегейлігін түсінуге және әлемнің мәдени әртүрлілігін түсінуге ықпал ететін құндылықтар жүйесін қалыптастыру және басқа мәселелерді талқылау ұсынылады.
Семинарға мектепке дейінгі білім беру және жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерін, докторанттар мен магистранттарды, қосымша білім беру жүйесінің басшылары мен «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалдарының тренер-оқытушылары қатысты.






