Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 12 месяца ago

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ кеңесші лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, білім беру ұйымдарындағы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру, мүмкіндігінше ағылшын тілін В2 деңгейінен төмен емес меңгеру.

Білуге тиіс: ғылыми-педагогикалық қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері; ғылыми-зерттеу қызметінің әдіснамасы; тиісті білім саласын зерттеудегі ғылыми проблемалар мен өзекті трендтер; білім беруді дамытудың жай-күйі мен перспективалары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілер; еңбек заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің қағидалары; ішкі еңбек тәртібінің қағидалары мен нормалары еңбекті қорғау; өрт қауіпсіздігі талаптары. 

Негізгі міндеттері:

  • Қоғамның Басқарма Төрағасы үшін білім беруді дамыту проблемалары, мемлекеттің ағарту, ғылым және білім беру саласындағы саясаты, қоғамның ғылыми-зерттеу және ғылыми әдістемелік қызметін жүзеге асырудағы жетістіктері туралы талдамалық, анықтамалық, ақпараттық материалдар мен ұсынымдар дайындауға;
  • білім, ғылым және білім саласындағы мемлекеттік саясат және экономика мәселелері бойынша мемлекеттік құжаттар мен материалдарға талдау жасауды жүзеге асыруға міндетті;
  • Қоғам қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге, оларды қоғам басшылығының қарауына енгізуге;
  • Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша Қоғамның жекелеген бөлімшелерінің қызметін немесе жекелеген жобаларды үйлестіруге.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме (сілтеме);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2024 ж. 28.05. қоса есептегенде Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекенжайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтама телефоны: 8 (7172) 57-46-01, құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні және орны:

2024 жылғы 29 мамыр, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31 кабинет.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job