Педагог қызметіндегі эмоционалдық интеллект мәселелері

Ү.ж. 27 мамыр – 7 маусым аралығында Меркі ауданының 25 педагогі Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерін оқытуға арналған «Эмоционалдық интеллект-педагогтің кәсіби міндеттерін шешу құралы» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсына қатысады.

Бүгінгі қоғамға кәсіби маман қажет. Ал педагог үшін эмоционалдық құзыреттілігінің жоғары деңгейі оның кәсібилігін арттыруға, кәсіби күйзеліске қарсы тұруға, психикалық және физикалық денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.

Оқытудың табысты болуы да, білім алушылар мен әріптестердің эмоционалдық жағдайын бағалау және оған адекватты жауап беру де педагогтің өз эмоцияларын басқара білуіне байланысты.  

Оқыту курсынан өткен педагог:

– эмоционалдық интеллекттің құрылымдық компоненттерін зерттеу негізінде отандық және халықаралық ғылыми көзқарастарды талдай алады;

-кәсіби іс-әрекетте эмоционалдық интеллекттің психологиялық-педагогикалық диагностикалық материалдарын қолдана алады;

-кәсіби табыс факторлары жүйесінде эмпатия мен тұлғааралық қарым-қатынастың әлеуметтік дағдыларын көрсетіп, өзін-өзі ынталандыра алады;

-кәсіби міндеттерді шешу процесінде педагог өзінің ресурстық мүмкіндіктері мен әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттіліктерін пайдалана алады. 

Педагог тұлғасының кәсіби дамуына әсер ететін дағдылар, мансаптық өсу, қазіргі еңбек нарығы жағдайында өзін-өзі дамыту, әртүрлі мәселелерді шешуге және басқа адамдармен жұмыс істеуге көмектесетін педагогтің эмоционалдық интеллектісі. Сондықтан эмоционалдық интеллектті дамыту және кеңінен қолдану мәселесі әрбір мектептің күн тәртібінде болуы керек.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар