Мектепке дейінгі ұйымдардың білім сапасын басқару

Мектепке дейінгі тәрбие-білім беру процесінің сапасын басқару тәжірибесін тарату, басқарушылық құзыреттілікті дамытудың тиімді жолдарын модельдеу.
Семинар жұмысының барысында мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру сапасын басқару бойынша өзекті мәселелерді анықтау үшін келесі зерттеу әдістері ұсынылды: сыртқы бақылау, тәрбиешілер, әдіскерлер мен мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларына сауалнама жүргізу. Зерттеу нәтижелері бойынша мазмұнды және ұйымдастырушылық-басқарушылық қиындықтардың жоғары деңгейлі проблемалық бағыттардың тізімі жасалды.
Іс шара қатысушылары «Өрлеу» институтының мектепке дейінгі ұйым басшыларының кәсіби құзыреттілігін үздіксіз дамытуға бағытталған бағдарламары мен курстан кейінгі сүйемелдеу жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Семинарға қатысқан педагогтер кері байланыста өз тәжірибелерін толықтырған тұстарымен бөлісті.

«Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы Қалиева Қадиша Алиасқарқызы

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар