Архив
Шығыс Қазақстан облысы бойынша “Өрлеу”
Posted 12 месяца ago

Хабарландыру

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының оқу ісі бөлімінің баспа ісі жөніндегі бас маманы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы

Мекеме атауы: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалы

Бос орын түрі: бос лауазымға орналасуға конкурс

Құжаттарды қабылдау күні: 27.05.2024 ж.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 31.05.2024 ж.

Жауапты: әкімшілік-кадрлық жұмыс басқарма бастығы

Байланыс e-mail: vkoipk@mail.ru   vkoipk@orleu-edu.kz

Телефон: 8/7232/740024

Бос орын атауы: оқу ісі бөлімінің баспа ісі жөніндегі бас маманы.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мәдениет туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»  Заңдарын, Қазақстан Республикасының қызмет бағытын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін, жұмыстарды редакциялау және түзету әдістерін, қолжазбаларды өндіріске тапсыруды, баспаға корректуралық бедерлерді дайындауды, полиграфиялық өндіріс, технологиясының терминдерін, белгілерін және өлшем бірліктерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Оқу ісі бөлімінің баспа ісі жөніндегі бас маманы лауазымдық міндеттеріне кіреді:

  1. ;
  2. Басылымдардың жоғары ғылыми және әдеби деңгейін қамтамасыз ету мақсатында шығарылатын ғылыми және әдістемелік әдебиетті, ақпараттық және нормативтік материалдарды редакциялау;
  3. Ұсынылған түзетулерді, толықтыруларды, қысқартуларды ескере отырып, ұсынылған түрде немесе пысықталғаннан кейін басып шығару мүмкіндігі туралы қорытынды дайындау;
  4. Авторларға қажетті көмек көрсете отырып, басылымға қабылданған материалдарды редакциялау (құрылымын жақсарту, терминдерді таңдау, безендірулерді ресімдеу және т.б. бойынша), олармен ұсынылатын өзгерістерді келісу;
  5. Редакциялау процесінде авторлардың рецензенттердің ескертулерін және оларды пысықтау жөніндегі материалдарға қойылатын талаптарды орындауын, ұсынылған материалдың жинақтылығын, бөлімдер атауларының олардың мазмұнына сәйкестігін тексеру;
  6. Бастапқы көздер бойынша келтірілген дәйексөздер мен цифрлық деректердің дұрыс жазылуын, есімдердің, ғылыми-техникалық терминдердің, өлшем бірліктерінің қолданылуы мен жазылуын, басылымның анықтамалық аппаратының ресімделуін, келтірілген символдардың стандарттарда белгіленген немесе ғылыми және нормативтік әдебиетте қабылданған белгілерге сәйкестігін тексеру;
  7. Материалдарды қажетті әдеби редакциялау;
  8. Ескертулерді, телнұсқаларды, жұмыс мазмұнын дайындау;
  9. Редакцияланатын басылымдарды көркемдік және техникалық ресімдеумен байланысты мәселелерді шешуге қатысу;
  10. Табылған қате жазулардың тізімін жасау;
  11. Баспа және электрондық басылымдарды шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  12. Бастапқы ақпаратты зерделеу, материалдардың жаңалығы мен өзектілігін бағалау, оларды тақырып пен санат бойынша топтастыру және ретке келтіру;
  13. Ақпараттың авторларымен және иеленушілерімен оны жариялау мүмкіндігін келісу;
  14. Басылым құрылымын жобалау, техникалық және көркем безендіру өлшемшарттарын әзірлеу, технологиялық ерекшеліктерді құрастыру;
  15. Баспа басылымдары үшін әртүрлі технологиялық өндіріс сызбаларының техникалық-экономикалық негіздемесін орындау және оңтайлы таңдау, электрондық басылымдар үшін провайдерлерді басылымдардың қауіпсіздігі, рұқсатсыз араласудан қорғау, ақпарат тасымалдағыштың түрі, жазба форматы, бағдарламалық қамтамасыз ету үшін анықтау;
  16. Негізгі және қосалқы материалдарға қажеттілікті есептеу;
  17. Басылымдарды дайындау мерзімін анықтау, технологиялық операцияларды орындау кестесін жасау, олардың сақталуын бақылау;
  18. Басылымдарды техникалық редакциялау және көркемдік ресімдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, полиграфиялық орындау сапасын тексеру;

19) Іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.

Іссапарлар: жоқ

Жұмыс уақыты: 5 күндік жұмыс аптасы, дүйсенбі-жұма 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Жұмыс орнының орналасқан жері: Өскемен қаласы

Қызметтік келісімшарттың түрі: еңбек шарты

Білім деңгейі: гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары орнынан кейінгші) білім.

Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: мамндығы бойынша жұмыс өтілі кемінде екі жыл.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Кандидат «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) не көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түйіндеме фотомен;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері).

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Өскемен қаласы, Киевская көшесі 69.

Apply For This Job