«Дарынды балаларды оқытудағы математикалық модельдеу» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы жалғасуда.
22 мамырда курс аясында математика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.
Тыңдаушылар білім алушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету үшін қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Курс аясындағы семинарда №92 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Ибраева Эльмира Мейрамовна, № 52 мектеп-гимназия мұғалімі Сулейменова Гульдана Жагыпаровна, № 72 мектеп-лицей мұғалімі Мукатаева Айгуль Мауытхановна тәжірибелерімен бөлісті.





