«Мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру» біліктілікті арттыру курсы өтуде

Ағымдағы жылдың 27 мамырынан бастап Өрлеу Алматы қаласы бойынша КДИ аға оқытушы Нұржамал Тайтанованың жетекшілігімен «Мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру» мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілерді оқытуға арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде.

Мектепке дейінгі білім беру сапасы ұйымдастырылған ортаның сапасына тікелей байланысты. Бұл ереже халықаралық педагогикалық стандарттарда (ISSA) және сапаны бағалау құралдарында (ECERS) көрсетілген. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келетін заттық-кеңістіктік даму ортасын құру мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеті болып табылады.

Біліктілікті арттыру курсы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту моделі контекстінде педагогтердің кәсіби-тұлғалық дамуына жағдай жасайды.

Курстың мақсаты – мектепке дейінгі топтың /ұйымның заттық-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыруда әдіскерлердің, тәрбиешілердің кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар