Біліктілікті арттыру курстары жалғасуда

      Бүгін 10 маусым күні Оралдағы «Өрлеу» институтында мемлекеттік тапсырыс бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды. Пәндік курстар М. Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ, №4 ҚОББМ, №19 ЖОББМ, №10 ЖОББМ базасында және Бәйтерек, Сырым аудандарында өтуде. Курстар бекітілген білім беру бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылды. Институт директоры С. Измуханбетова мен директордың орынбасары К. Байкатова курс өтіп жатқан аудиторияларды аралап,  курсбарысымен танысты.

«Мектеп жасына дейінгі балаларда этномәдени құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту»;

«Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру»;

«Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру»;

«Реализация ценностно-ориентированного подхода в начальной школе»;

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»;

«Формирование читательской грамотности на уроках русского языка и литературы Я2»;

«Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық технологиялар»;

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық педагог-ұйымдастырушыларының пәндік құзыреттіліктерін дамыту (10-11 сыныптар)»

«Эмоционалдық интеллект – педагогтің кәсіби міндеттерін шешу құралы»;

«Әдістемелік қызметті трансформациялау»;

«Дарынды балаларды оқытудағы математикалық модельдеу»/ «Математическое моделирование в обучении одаренных детей»

«Орта білім беру жүйесінде түзету жұмыстарын жетілдіру бойынша арнайы педагогтың (дефектолог-мұғалімнің) кәсіби құзыреттілігін дамыту»

«Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

      Курс барысында педагогтер ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын; ҚР Білім беру жүйесінің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарын айқындайды; білім беру саласындағы жалпы мемлекеттік басымдықтар мен әлемдік трендтерді зерделеуді; «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының міндеттеріне сәйкес педагогтердің қызметін ұйымдастыру жолдарын талдауды үйренеді;  орта мектепте күрделі тақырыптарды оқытуға, пән мазмұнын тереңдетуге бағытталған оқу бағдарламаларын меңгеретін болады. Курсқа  педагогика және пәндік әдістер кафедрасының  аға оқытушылары жетекшілік етуде.

     Курс тыңдаушыларына сәттілік тілейміз! «Өрлеумен» бірге болыңыздар!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар