Мектепке дейінгі білім беру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары

  • 22.04.2024 - 09:00
  • Павлодар қ. Ген.Дуйсенов көш 22/1
Құрметті педагогтер!
«Өрлеу» БАҰО Павлодар облысы бойынша филиалы ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Практические и содержательные аспекты предшкольной подготовки» (Екібастұз қаласы), «Мектепке дейінгі ұйымдардың білім сапасын басқару», «Мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру» атты білім беру бағдарламалары бойынша 72- сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарын өткізетіні туралы хабарлайды.
📌Курстың мақсаты:
✅ бастауыш білім беру ұйымдарында 5 жастағы балалардың оқуға дайындығын қамтамасыз ету бойынша мектепалды даярлық топтары/ сыныптары педагогтерінің кәсіби құзыреттерін дамыту;
✅ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыруда мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктер деңгейін арттыру;
✅мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын басқару саласында мектепке дейінгі ұйым басшысының кәсіби құзыреттілігін дамыту.
📌Курсты өткізу күні: 22.04.2024 ж. бастап 03.05.2024 ж. дейін
📚Оқыту тілдері: қазақ, орыс
📄Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар беріледі.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :

  • Басталу күні:22.04.2024
  • Басталу уақыты:09:00
  • Аяқталу күні:03.05.2024
  • Аяқталу уақыты:16:30
  • Орналасқан жері:Павлодар қ. Ген.Дуйсенов көш 22/1

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар