📖Бүгін «Өрлеу»-Павлодар базасында 3-шілде күні бастау алған орта білім беру педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өз мәресіне жетті. Оған екі апта бойы Павлодар облысының екі жүзден астам мектеп мұғалімдері қатысты.
📖Олар мемлекеттік тапсырыс негізіндегі кезекті біліктілікті арттыру курстарының келесі білім беру бағдарламалары бойынша:
* «Формирование читательской грамотности на уроках русского языка и литературы Я1»;
• «Дарынды балаларды оқытудағы математикалық модельдеу»;
• «Оқытуы қазақ тілінде емес мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсының “ Қазақ тілі мен әдебиеті” Т2 пәні педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»;
• «Инновации и современные технологии в обучении химии»;
• «Тарих және құқық негіздері пәндерін оқытудың инновациялық әдістері»;
• «Инновационные технологии в обучении английскому языку»;
• «География сабақтарында дарынды балалармен жұмыс жасаудың білім беру технологиялары»;
• «Бастауыш мектепке құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру»;
• «Реализация ценностно-ориентированного подхода в начальной школе»;
• «Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» білімдерін шыңдады.
📖Біліктілікті арттыру курстары барысында педагогтер курсаралық жұмыстарға белсенді араласып, семинарларға, көшпелі тәжірибелік сабақтарға қатысты.









📖Естеріңізге сала кетейік, биыл республика бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы 41 білім беру бағдарламасы бойынша барлығы 68 458 педагогті оқытатын болады. Павлодар облысы бойынша бұл көрсеткіш 5900-дей болмақ.
❗Құрметті курс қатысушылары, біз сіздерді курстан кейін де белсенділік танытып, біздің іс-шараларымызға, «Өрлеу» ұйымдастырып жатқан байқауларға белсенділік танытып қатысуларыңызға шақырамыз. Біздің есігіміз сіздер үшін әрдайым ашық!