31 мамыр ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарындарын еске алу күніне орай Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде « Тарихтан тағлым алыңыз» тақырыбында «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы Естемирова Алия Махатовна мұражай ұжымымен және тарих пәні мұғалімдерімен бірлесе отырып облыстық семинар ұйымдастырылды.Семинардың мақсаты; Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңдерді және солақай саясаттың құрбандарын, жазықсыз құрбан болған жандардың есімдерін мәңгі ұлықтауға, болашақ ұрпаққа аманат етіп ұғындыру. Семинарды филиал директорының орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Ахтаев Мұхтар Бексултанұлы маңыздылығына тоқталып, мекеме тарапынан келіп отырған қызметкерлерімен таныстырып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі . «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы Естемирова Алия Махатқызы «Бүкіл Қазақ баласы көкірегін қарс айырып,бір сәт күрсінетін күн» тақырыбында Шымкент қаласы, Абай ауданының №55 ЖББ мектебінің тарих пәні мұғалімі Молдашева Г.С » Ашаршылықтың қазақ ауылдарына алып келген зардаптары», Терешкова атындағы №31 ЖОББМ тарих пәні мұғалімі Арынбаева Г. К «Алаш арыстары», №67 ЖОББМ тарих пәні мұғалімі Жайнибаева К «Ф.Голощекин және кіші қазан идеясы зардаптары» тақырыптарында баяндама жасап, өз пікірлерімен бөлісті.
Мұражайда Алаш арыстары мен қуғын-сүргін құрбандары, елімізге депортацияланған өзге ұлт өкілдерінің тағдырынан бастап, Желтоқсан оқиғасына дейінгі тарихымыздан қосымша мағлұматтармен бірге «Бір уыс бидай» филімін көріп, Қанқұйлы жылдардың оқиғасын, жазықсыз құрбан болған жандардың есімдерін мәңгі ұлықтауға, өткенге салауат етіп, болашақ ұрпаққа аманат етіп ұғындыру басты парызымыз деп жалғасын тапты.«Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы Естемирова Алия Махатовна.

- 31 Май
- 2024