«Математика пәнінің курс тыңдаушыларына арналған сандық платформалар» тақырыбында облыстық семинар жұмысы өтті

📣17 маусым “Өрлеу-Атырау” филиалындағы директор сағаты барысында айтылған ұсыныс негізінде «Математика пәнінің курс тыңдаушыларына арналған сандық платформалар» тақырыбында облыстық семинар жұмысы өтті.
🔹Семинарда математика курсының тыңдаушылары үш аудиторияға бөлініп, карусель әдісі бойынша информатика пәні курс тыңдаушыларымен тәжірибе алмасты.

🔰Аталмыш семинар спикерлері:
1) 👩🏻‍🏫Жанар Нысанова – Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы, жалпы білім беретін 9 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
👩🏻‍🏫Самал Мухаметкалиева – «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі
Castlots, Qazmath, World Wall, LearningApp, Geneali, Umaigra.com , Quizizz, Google Forms плафтормалары

1) 👨🏻‍🏫Елнұр Берікалдиев – Дарынды ер балаларға арналған Білім Инновация Лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі
🔹Презентация жасау, Al, Fast Typing

2) 👩🏻‍🏫Мурзагалиева Алмагул Нурлановна – Атырау қаласы, жалпы білім беретін 32 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
🔹Emaze виртуалды презентацияға арналған қосымшасы

Семинар соңында институт директоры тыңдаушылардың пікірін тыңдап, үздік тәжірибесімен бөліскен спикерлерді марапаттады.✅

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар