“Ашық есік” күні өтті

    13 маусым күні  Оралдағы «Өрлеу» филиалында  «Педагог біліктілігін арттыру: болашақ мұғалімдер көзімен» тақырыбында «Ашық есік» күні өтті.

Мақсаты: Жас мамандарды педагогтердің біліктілігін арттыру институтының қызметі, мақсат-міндеттерімен таныстыру, ұжымдық ортаға бейімдеу.

           Іс-шараға Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 4-ші курс  студенттері қатысты.

«Ашық есік» күнін институт директоры Софья Измуханбетова алғысөзбен ашып, институттың жалпы қызметі, оқу-әдістемелік үдерісімен таныстырып өтті.

 Кездесу барысында студенттер   курс өтіп жатқан аудиторияларды көріп,  педагогикалық музеймен танысты.

     Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының меңгерушісі Сән Әбитова студенттерге  «Мұғалімнің бір күні» тақырыбында видеороликті тамашалатып, аталған видеоролик бойынша тренинг ұйымдастырды.

     Оқу бөлімі кітапхана ісі жөніндегі бас маман Индира Бадакова  «Кітапхана қызметінде интерактивті қызметтерді, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану» тақырыбында шеберлік сағат ұйымдастырды.  Іс-шара аясында студенттер институттың тарихы, мақсат-міндеттері, қызметі жөнінде ақпарат алды.  Шара  соңында студенттермен сауалнама ұйымдастырылып, кері байланыспен қорытындыланды. 

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар