Бүгін 17 маусым күні Оралдағы «Өрлеу» филиалы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша 72,80-сағаттық біліктілікті арттыру курстарын бастады.
Курстар төмендегі бағыттар бойынша өтуде:
“Развитие игровой компетентности педагога дошкольной организации”;
«Мектепалды даярлықтың тәжірибелік және мазмұндық аспектілері»;
“Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы арт- педагогикалық технологиялар”;
«Дизайн және көркемдік модельдеу саласында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру»;
«Python бағдарламалау тілін оқытудың әдістемесі мен тәжірибесі»;
«Физика бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырудың заманауи білім беру технологиялары»;
«Биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту»;
«Білім берудегі менеджмент»;
Развитие профессиональных компетенций педагогов в условиях инклюзивного образования»;
Курстар барысында тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім алушылардың даму деңгейлері мен ерекшеліктерін ескере отырып, оларды бағалаудың технологиясы бойынша өзінің кәсіби қызметін жобалау жолдары, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдылары қарастырылады.
Орал «Өрлеуді» таңдаған әрбір педагогке алғыс білдіреміз!


