“Өрлеу” Астана Кәсіби даму институты №8 мектеп-лицей базасында педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында “ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТІ” тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында аға оқытушы Ляйля Каирбековна білім беру платформалары мен веб-сервистерді тиімді пайдалану жолдарын тәжірибе арқылы көрсетіп, learnis ru және Plickers қосымшаларында тапсырма құрудағы идеяларын ұсынды. Ақмарал Болатқызы педагогтердің нормативтік құжаттармен жұмыс жасай білуі, білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты және үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнын ашып, ұзақ мерзімді жоспармен жұмыс жасаудың ерекшеліктерін айқындады.
Жиын соңында педагогтер жұмыс барысында кездесетін кедергілері мен проблемарын ұсынып, шешу жолдарын талқылады.



